Президент Жээнбеков Бішкекте - баспасөз хатшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Жээнбеков Бішкекте - баспасөз хатшысы © РИА Новости

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева  айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева  айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Жээнбеков "жағдайды бақылап, барлық саяси күштің елдің мүдделерін өз мүдделерінен жоғары қоятынына, ел азаматтарын толғандыратын басқа да қауіптерге жол бермейтініне сенім білдіретінін" атап өтті.

"Барлық күш-жігерімізді елді құқықтық арнаға қайтару үшін жұмсайды. Бірінші кезекте, бұл елде өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларына қатысты", - деді баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, ол Жээнбеков парламенттік сайлау қорытындыларын жою мүмкіндігіне жол бергенін атап өтті.

"Қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы ОСК-ға парламенттік сайлау қорытындыларын жоюға дейінгі бұзушылықтарға байланысты материалдарды мұқият зерттеуге кеңес берді", - деп мәлімдеді Стамалиева.

Еске салайық, Бішкектің орталығындағы Ала-Тоо алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шықты. 5 қазандағы жағдай бойынша, бірінші орында "Биримдик" партиясы тұр (дауыстар әлі де өңделіп жатыр).

Бүгінде Қырғыз елінде жаппай тәртіпсіздіктер болып жатыр. Митингіге шыққандар Ақ үйге басып кірді. Кейін Ақ үйде өрт шыққаны хабарланған. 

Сондай-ақ, Бішкекте болған толқулардың салдарынан бір адамның қайтыс болғаны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети