Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Прокурор Germanwings ұшағы апатының қасақана жасалғанын мәлімдеді

26 Наурыз 2015, 18:30
0

Францияда әуе апатына ұшыраған Airbus А320 ұшағының екінші ұшқышының әрекетін әуе кемесін қасақана жою деп бағалауға болады. Бұл туралы Марсель прокуроры Брис Робен мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Робеннің айтуынша, ұшқаннан кейін алғашқы 20 минутта екі ұшқыштың арасында қалыпты әңгіме болған. Әуе кемесінің командирі кабинадан, дәретханаға болуы мүмкін, шыққан кезде екінші пилот есікті құлыптайды да өздігінен лайнерді құлдилата бастайды.

Командир кабинаға қайта оралғысы келеді, бірақ ол кіре алмайды. Өздігінен жазып отыратын құралдан алынған аудиожазбада есікті сындыру, диспетчерді шақыру әрекеттері естіледі, сонымен қатар, ұшақтың соғысу мүмкіндігін ескертетін жүйенің іске қосылғаны білінеді. Екінші ұшқыш сөз сөйлемейді, бірақ оның қалыпты демалуы апат сәтіне дейін естіліп тұрады. Айта кетейік, шетел басылымдарында кабинада қамалып алған ұшқыштың аты-жөні мен суреті жарияланған болатын - Андреас Лубитц. Прокурор Брис Робеннің айтуынша, Лубитц 28 жаста болған. Parismatch.com басылымы болса екінші ұшқыш бейнеленді делінген суретті жариялады. Суреттен ер адамның АҚШ-тағы Алтын Қақпа көпірінің алдында отырғанын көруге болады.

©Parismatch.com

Еске сала кетейік, Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Қазақстан азаматтары болған. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Germanwings әуе компаниясының 24 наурызда Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшағында ҚР азаматы Иманғалиев Ербол Базаралыұлының (1965 жылы туылған), Исенғалиева Айжан Сарымқызының және Иманғалиев Әділ Ерболұлының (1989 жылы туылған) өлімін растады. Тағы бір жолаушының азаматтығы анықталып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстанда туған опералық әнші Олег Брыжактың да ұшақ бортында болғаны анықталған еді. Ал осыған дейін Франциядағы Airbus A320 апатының тергеуіне қатысып жатқандардың бірі әуе апатының жай-жапсарын айтып берген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай