06 наурыз 2022 20:03

Путин Ердоғанмен Украинадағы жағдай туралы сөйлесті

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылады. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Путин Ердоғанмен сөйлесу барысында Ресей Федерациясы жағдайды реттеу үшін Украина билігімен және шетелдік серіктестермен диалог құруға дайын екенін айтты. 

"Арнайы операция Киев соғыс қимылдарын тоқтатып, Ресейдің бұған дейін белгілі талаптары орындалған жағдайда тоқтайтыны атап өтілді", - делінген хабарламада. 

Әңгімелесу барысында Ердоған Түркия украиналық проблеманы бейбіт әдіспен тезірек шешуге дайын екенін айтқан. 

Сонымен қатар, Түркия басшысы Украина бойынша нәтижеге жету үшін жан-жақты келіссөздер жүргізу үшін өз күш-жігерін жалғастыратынын мәлімдеді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети