1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Путин Медведевке жаңа қызмет ұсынды

Дмитрий Медведев пен Владимир Путин © РИА Новости Дмитрий Медведев пен Владимир Путин © РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Медведевке Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Путин Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын енгізіп, оны Медведевке ұсыну ниеті туралы хабарлады.

"Біздің Дмитрий Анатольевич Медведевпен бірлескен жұмысымыз жайлы, біз соны айтып жаттық... Дмитрий Анатольевич Медведев Мемлекет басшысы болды, РФ президенті болды және шамамен сегіз жыл бойы үкіметті басқарып келді, бәлкім, бұл жаңа тарихтағы осы лауазымда отырған ең ұзақ мерзім шығар", - деді Путин.

Ол Медведевтің әрдайым ел қорғанысы қабілеті мен қауіпсіздігін арттыру мәселелерімен айналғанын атап өтті. "Болашақта осы іспен айналысса деймін, таяуда - Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары деген лауазым ашылады, ал Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Президент екені белгілі", - деп түйіндеді Владимир Путин.

Осыған дейін Дмитрий Медведев Ресей үкіметі отставкаға кеткенін мәлімдеді.