15 наурыз 2021 09:32

"Путин туралы фильмнің көшірмесі" - Лукашенко "ең үлкен" зерттеу туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко өзі туралы жасалған "Золотое дно" атты "ең үлкен" зерттеуге пікір білдірді. Фильмде Лукашенконың "зәулім үйлері" туралы баяндалады. "Мен ешқашан өзіме адамдардан бірдеңе ұрлауға жол бермеймін". Бұл туралы ол шаңғы жарысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатқанда айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tut.by басылымына сілтеме жасап. 


Беларусь президенті Александр Лукашенко өзі туралы жасалған "Золотое дно" атты "ең үлкен" зерттеуге пікір білдірді. Фильмде Лукашенконың "зәулім үйлері" туралы баяндалады. "Мен ешқашан өзіме адамдардан бірдеңе ұрлауға жол бермеймін". Бұл туралы ол шаңғы жарысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатқанда айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tut.by басылымына сілтеме жасап. 

Лукашенко фильмді әлі көрмегенін айтады. "Көруге тырысамын. Өте ауқымды, ұзақ фильм дейді. Менде оны көретін көп уақыт жоқ. Маған тек талдау берілді. Мен де мұнда ешқандай жаңалық жоқ деген қорытындыға келдім", - деді Лукашенко.

Ол ешқашан бір нәрсе айтып, басқасын жасамайтынын айтты. 

"Мен үшін ең қорқыныштысы - сіздердің алдыңызда ұятқа қалу. Мен айтпаған нәрсемді жасамаймын. Ал айтсам, орындау керек. Сондықтан іздеудің қажеті жоқ. Олар бұл тақырыпты бекер алды. Бұл Путин туралы фильмнің көшірмесі. Тыңдаңыз, бұл негізі әдепсіздік. Оған қоса маған еш қатысы жоқ нақты адамдардың тегін атайды. Не үшін керек бұл маған?",- деді ол.

"Мен сіздер видеоны қарап, "Біз кімді қорғап жүрміз?" дейді деп бәрінен уайымдадым. Міне мен үшін ең қорқыныштысы осы болды", - деді Лукашенко журналистерге.

Лукашенко Nexta Telegram-арнасының командасы туралы да пікір білдірді. Ол фильм авторлары бұл тақырыпты "амалсыздан" алды деп санайды.

"Бұл адамдардан қорқыңыздар. Сіздер олардың біреудің меншігіне қалай қол сұққанын көріп отырсыздар. Олар қалай ел басқармақ? Олар біздің бизнесмендерді, айти мамандарын, жеке кәсіпкерлерді екі жылда жалаңаш қалдырады. Халыққа берсе жақсы ғой, өз қалтасына салады. Олар қазірдің өзінде кәсіпорындарды қайта жазып, бөлісіп алған. Құдай сақтасын, біз оларды тоқтатпасақ, бүгін басқа елде тұратын едік. Мәселе осында... Бізге іспен айналысу керек. Уақыт өтеді - адамдар бағалайды", - деді ол.

Еске салайық, Белорустың оппозициялық NEXTA жобасы Александр Лукашенко туралы "ең үлкен зерттеу" видеосын жариялаған болатын. "Золотое дно" деген тақырып қойылған видео Youtube хостингінде шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети