Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейге рейстерін жаңартады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейге рейстерін жаңартады Фото ©Tengrinews.kz

Qazaq Air әуекомпаниясы 13 наурыздан бастап Ресейге рейстерін қалпына келтіреді. Бұл туралы әуе компанияның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Qazaq Air әуекомпаниясы 13 наурыздан бастап Ресейге рейстерін қалпына келтіреді. Бұл туралы әуе компанияның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Qazaq Air Ресейге жоспарланған барлық рейсті 2022 жылдың 13 наурызынан бастап қалпына келтірілетінін және билеттерді www.flyqazaq.com веб-сайты арқылы брондауға болатынын хабарлайды.

2022 жылы 12 наурыздағы рейстің тоқтатылуына байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Qazar Air әуекомпаниясы қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық талапты сақтайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейге рейстерін тоқтатқаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети