12 наурыз 2022 09:53

Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейге рейстерін тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Qazaq Air бүгіннен бастап Ресейге рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.


Qazaq Air бүгіннен бастап Ресейге рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.

"Qazaq Air әуекомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімінің берілмегені туралы хабарлама алды. Осы жағдайға байланысты компания сақтандыру бойынша мәселе шешілгенге дейін Ресей аумағының үстінен ұша алмайды. Осыған байланысты Новосібірге баратын бүгінгі рейс (2022 жылғы 12 наурыз) тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылатыны айтылды.

"Билеттерді сатып алған жерден қайтаруға болады. Билет әуекомпаниядан сатып алынса, info@flyqazaq.com электрон поштасына жазған жөн. Қайтаруға өтініммен бірге бронь нөмірін және байланыс деректерін көрсету керек. Билет агенттіктен сатып алынса, сатып алған жерге хабарласу қажет", - деп хабарлады әуекомпания өкілдері.

Qazaq Air уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети