Қазақстан Ыстамбұлда болған террорлық әрекетті үзілді-кесілді айыптайды - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ыстамбұлда болған террорлық әрекетті үзілді-кесілді айыптайды - ҚР СІМ

Ыстанбулдағы террористік әрекетке байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәлемдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстанбулдағы террористік әрекетке байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәлемдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстан бірқатар елдердің азаматтары құрбан болған 2016 жылғы 19 наурызда Ыстанбулда орын алған террорлық әрекетті үзілді-кесілді айыптайды. Қазақстан Түркия үкіметіне толық қолдау көрсететінін растайды және оның терроризмге қарсы күресіне ниеттестік білдіреді", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, әлем қауымдастығының мүшесі ретінде Қазақстанның Түркиядағы жағдайға алаңдаушылығын білдіре отырып, терроризмді оның барлық түрлерінде және көріністерінде үзілді-кесілді айыптайтыны және бұл құбылысты жою үшін әлем қауымдастығының бірлесе күш салуын қолдайтыны айтылады. Қазақстан террористік әрекеттер бүкіл әлемнің қауіпсіздегі үшін қауіп-қатер деп санайды.

Халықаралық құқық қағидаларына және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпіздік Кеңесінің тиісті резолюцияларына жүгіне отырып, Қазақстан әлемнің барлық елдерін терроризм мен экстремизмнің жайылуына қарсы БҰҰ аясында бірлесе әрекет жасауға шақырады. "Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ шеңберінде жасалған баяндамасында Жаһандық терроризмге қарсы коалиция (жүйе) құру жайында бастаманы жариялаған болатын", - делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, жарылысты лаңкес сенбі күні жүргіншілерге арналған Истикляль көшесінде сауда орталығы мен Бейоғлы мупиципал ауданының ортасында жасаған. Бес адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды, олардың жетеуінің жағдайы ауыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети