Ыстамбұлда болған жарылыстан 5 адам қаза тапты және 36 адам жарақат алды

19 Наурыз 2016, 20:11
0
Ыстамбұлда болған жарылыстан 5 адам қаза тапты және 36 адам жарақат алды - © Twitter/NTV
© Twitter/NTV

Ыстамбұлда болған жарылыстан 5 адам қаза тапты және 36 адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жарылысты лаңкес сенбі күні жүргіншілерге арналған Истикляль көшесінде сауда орталығы мен Бейоғлы мупиципал ауданының ортасында жасаған. Бес адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды, олардың жетеуінің жағдайы ауыр. 

Зардап шеккендердің ішінде Германия, Иран және Израиль азаматтары бар. "Зардап шеккендердің ішінде 12 адам - шетел азаматтары", - деп мәлімдеді Түркияның денсаулық сақтау министрі Мехмет Мюеззениоғлы.

Ал ҚР СІМ өкілдерінің мәліметінше, жарылыстан Қазақстан азаматтарының зардап шеккен-шекпегені жайлы мәлімет келіп түспеген. "Қазіргі уақытта дипломаттар Ыстамбұлда мәліметті тексеріп жатыр", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Қазіргі уақытты ауданды полицейлер қоршауға алды. Жарылыс болған көшеде РФ бас консулдығының ғимараты орналасқан, сонымен қатар, өзге елдердің де дипломатиялық миссиялары орналасқан. Истикляль көшесі Ыстамбұлдың негізгі туристік орындарының бірі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай