Қырғызстанда төңкеріс болуы мүмкін деген қауіп бар - Түркия

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда төңкеріс болуы мүмкін деген қауіп бар - Түркия © beta.ru sputnik.kg

Анкарада әскери төңкеріс жасады деп айыпталған оппозициялық ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гюленнің жақтаушылары Қырғызстанда төңкеріс жасауы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлыға сілтеме жасап.

"Егер Қырғызстанда төңкеріс болса, оны Гүленнің ұйымы жасайды. Бұл Қырғызстан үшін үлкен қауіп", - деп мәлімдеді Чавушоғлы CNN Turk телеарнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, 16 шілдеге қараған түні Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген еді. "Әскери адамдар тобы өздеріне берілген құзірет мен қаруды пайдалана отырып, құқыққа қайшы әрекет жасамақ болды... Мұны төңкеріліс деп айту дұрыс емес шығар, бірақ қандай жағдай болса да, біздің азаматтарымыз тыныштықта өмір сүруі керек, біз бейбітшілік пен тәртіпті сақтау үшін қолдан келгенді жасаймыз. Кінәлі адамдар ең қатал жаза алады", - деп мәлімдеген еді түрік үкіметінің басшысы NTV телеарнасының эфирінде телефон арқылы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети