Қытайда химиялық зауыттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 55 адамға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда химиялық зауыттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 55 адамға жетті © REUTERS

Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы логистикалық компанияда болған жарылыстардың салдарынан қаза тапқандардың саны 55 адамға жетті, -деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы логистикалық компанияда болған жарылыстардың салдарынан қаза тапқандардың саны 55 адамға жетті, -деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

"Бүгін ТЖ орнынан тағы бес адамның денесі табылды, бір адам құтқарылды", - деп жазылған порталдың хабарламасында. Басылымның мәліметінше, құтқарушылар үйінділер арасынан 19 жастағы жігітті тапқан.

Еске сала кетейік, 12 тамызда Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы Ruihai Logistics логистикалық компаниясының қауіпті заттар сақталатын қоймасында жарылыс болғаны хабарланған еді. Қытайдың сейсмикалық агенттігі бірінші жарылыстың тротил эквивалентінде үш тонналық күшке ие болғанын, ал екіншісі 21 тонна болғанын хабарлады. Күшті жарылыс толқыны таяудағы ғимараттар мен көліктерді бүлдірді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Тяньцзинь қаласындағы химия зауытында болған жарылысқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети