Қытайдағы жарылыстардың салдары аспаннан видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдағы жарылыстардың салдары аспаннан видеоға түсірілді © REUTERS

Желіде Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы логистикалық компанияда болған жарылыстардың салдарының аспаннан түсірілген видеосы пайда болды, - деп хабарлайды RT.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы логистикалық компанияда болған жарылыстардың салдарының аспаннан түсірілген видеосы пайда болды, - деп хабарлайды RT.

Роликте ұшқышсыз ұшақтың ірі өрттің үстінен жарылыс болған аумақты түгелдей жайлаған қара түтінді түсіргенін көруге болады.

Осының алдында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Тяньцзинь қаласындағы химия зауытында болған жарылысқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдағаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, Қытайдың Тяньцзинь қаласында болған жарылыстардан қаза тапқандардың саны 42-ге жетті және 400 адам жарақат алған болатын. 12 тамызда кешкі уақытта логистикалық компанияның контейнер терминалында 30 секунд ішінде екі жарылыс болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс толқыны ондаған шақырымнан сезілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети