20 маусым 2020 11:22

Рекорд көрсеткіш: әлемде COVID-19 жұқтырған 150 мың адам тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 8,6 миллионнан асты. Бұған Джонс Хопкинс Университеті жобасының дерегі дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


20 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 8,6 миллионнан асты. Бұған Джонс Хопкинс Университеті жобасының дерегі дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырған 8 641 120 адам бар, 459 474 науқас қайтыс болды, 4 234 310 адам сауығып шықты.

Вирусты ең көп жұқтырғандар тіркелген елдердің алғашқы ондығы өзгеріссіз қалды. АҚШ әлі де алда тұр. Бразилияда вирус жұқтырғандардың саны миллион адамнан асты. Алғашқы ондық мынадай:

АҚШ - 2 220 961 жұқтырған, 119 112 адам қайтыс болды,

Бразилия - 1 032 913 жұқтырған, 48 954 қайтыс болды,

Ресей - 568 292 жұқтырған, 7831 қайтыс болды,

Үндістан - 380 532 жұқтырған, 12 573 қайтыс болды,

Ұлыбритания - 303 285 жұқтырған, 42 546 қайтыс болды,

Испания - 245 575 жұқтырды, 28 315 қайтыс болды,

Перу - 244 388 жұқтырған, 7461 қайтыс болды,

Италия - 238 011 жұқтырған, 34 561 қайтыс болды,

Чили - 231 393 жұқтырған, 4 093 қайтыс болды,

Иран - 200 262 жұқтырды, 9 392 қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем коронавирустың жаңа қауіпті фазасына өткенін хабарлады. Бұл туралы РИА Новости жазған.

ДДҰ басшысы ұйымға жаңадан 150 мыңнан астам COVID-19 жұқтырған адам тіркелгені туралы мәлімет айтты, бұл ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.

Ол вирус жұқтырғандардың жартысы Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиесілі екенін айтты. Сондай-ақ, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыста айтарлық көп науқас тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети