Ресейде жолаушылар автобусы көпірден құлады: Қаза тапқандардың саны артты

Ресейде жолаушылар автобусы көпірден құлады: Қаза тапқандардың саны артты © "Подъем" Telegram-арнасы

Ресейде жолаушылар автобусы көпірден құлады. Бүгінде қаза тапқандардың саны 19-ға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде жолаушылар автобусы көпірден құлады. Бүгінде қаза тапқандардың саны 19-ға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости

Оқиға салдарынан тағы 21 адам түрлі жарақат алған. 

РФ Жол полициясының мәліметінше, оқиға 1 желтоқсанда Забайкалье аймағынан 60 шақырым жерде орналасқан Могойтуй - Сретинск - Олочи автожолында болған. Сретинск - Чита бағытындағы автобус жүргізушісі 43 жолаушыны алып келе жатқан. 

"Алдыңғы дөңгелек сынып қалғаннан кейін қозғалыс бағытындағы автобус оңға қарай шығып, содан кейін Куэнга өзеніне аударылып кеткен", - делінген хабарламада. 

Төтенше қызмет өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта көз жұмғандардың саны 18-ге жеткен. Тағы алтауы ауруханаға жеткізілген. 

Оқиға орнына аймақ губернаторы Александр Осипов шықты, апат бойынша қылмыстық іс қозғалды.


© "Подъем" Telegram-арнасы

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети