21 қазан 2021 09:45

Ресей билігі тәліптерді мойындау шартын атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

20 қазанда "Талибан" қозғалысының өкілдері (Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған) Мәскеуге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


20 қазанда "Талибан" қозғалысының өкілдері (Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған) Мәскеуге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мәскеуде тәліптер сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған ресейлік дипломаттармен кездескен. Сондай-ақ, жиынға Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері де қатысты.

Лавровтың айтуынша, ол тәліптермен Ауғанстанда жаңа үкімет құру мәселесін талқылаған.

"Олардың әскери-саяси ахуалды тұрақтандыруға, мемлекеттік аппарат қызметін жақсартуға бағытталған күш-жігерін ескеру керек", - деп министр Ауғанстандағы биліктің ауысуына факт ретінде қарау керек екенін баса айтты.

Сыртқы істер министрі "Талибан" өкілдерімен кездесу кезінде ел аумағы басқа мемлекетке қарсы қолданылмайтыны туралы уәдесін орындауға шақырғанын қосты.

Бұл ретте Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов Кабулдың жаңа басшылығын адам құқықтарын құрметтеуге шақырды. Ол осы жағдайда ғана тәліптердің халықаралық қоғамдастық тарапынан танылуына мүмкіндік алатынын айтты.

"Арнайы өкілдің айтуынша, тәліптер мемлекеттік басқару жүйесін және адам құқықтарының жағдайын жақсартуға тырысатынына сендірді. Сонымен қатар ол әлемдік қауымдастықты ауған халқына көмек көрсету үшін күш біріктіруге шақырды. Ауғанстандағы жаңа үкімет бәріне бірдей ұнамайды, бірақ егер үкіметті жазаласақ, онда барлық халықты жазалағанымыз", - деп түсіндірді Кабулов.

Мәскеу конференциясының қорытындысы бойынша оған қатысушылар "Талибан" қозғалысын ресми түрде мойындауға қарамастан, Ауғанстанмен практикалық ынтымақтастық орнатуды жақтады. Олар "Талибанды" мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін қосымша шаралар қабылдауға және елдің барлық негізгі этносаяси мүддесін көрсететін инклюзив үкімет құруға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети