13 сәуір 2021 09:11

Ресей коронавирустың жаңа мутациясына қарсы вакцина шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Ресей алдағы екі айда коронавирустың жаңа мутациясына қарсы вакцина шығарады. Бұл туралы "Россия-24" телеарнасында Роспотребнадзор Орталық ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Александр Горелов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Российская газета".

"Іс жүзінде екі айдан аспайтын жұмыс. Ең бастысы платформаны құру, технологияны дамыту, өндірісті кеңейту. Вакцинадағы коронавирус геномының фрагменттерін өзгерту - ғалымдарға қарапайым құрама ойыны сияқты. Компоненттерді өзгерту арқылы негізгі нәтижеге жетеміз", - деді Горелов.

Басылым "Спутник V" және "ЭпиВакКорон" вакциналарының коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тиімділігі туралы бұрын Гамалеи атындағы ғылыми-зерттеу орталығы және "Вектор" қызметкерлері айтқан еді. "Вектор" өкілдері "ЭпиВакКорон" вакцинасын жасау кезінде s-ақуызының тұрақты, өзгермеген аймақтарын қолданғанын түсіндірді. Сондықтан вакцина коронавирустың әртүрлі мутациясына қарсы тиімді жұмыс істейді.

Айта кетейік, ақпанда Қазақстан Үкіметі елімізде "Спутник V" вакцинасын өндіруге 15 миллиард теңге бөлінгені хабарланған еді. Сәуірде қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы ресейлік препаратты салу басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети