24 наурыз 2021 18:05

Ресей Мемлекеттік Думасы президенттік мерзім туралы заң қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kremlin.ru Фото: kremlin.ru

Ресей Мемлекеттік Думасы 24 наурызда Конституцияның жаңа нормаларына сәйкес сайлау заңнамасына түзетулер қабылдады. Енді қазіргі президент Владимир Путин мемлекет басшысы лауазымына тағы екі рет сайлауға түсуге құқылы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com сайтына сілтеме жасап. 


Ресей Мемлекеттік Думасы 24 наурызда Конституцияның жаңа нормаларына сәйкес сайлау заңнамасына түзетулер қабылдады. Енді қазіргі президент Владимир Путин мемлекет басшысы лауазымына тағы екі рет сайлауға түсуге құқылы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com сайтына сілтеме жасап. 

Заң жобасына сәйкес, президент лауазымын екі мерзімнен артық атқаруға болмайды, бірақ бұл шектеу "Конституцияға түзетулер күшіне енгенге дейін мемлекет басшысы лауазымын атқарғандарға қолданылмайды". Президенттік мерзім туралы бастаманы "Единая Россия" партиясының депутаттары Павел Крашенинников пен Ольга Савастьянова, сондай-ақ сенатор Андрей Клишас ұсынды. Ал Путин 2020 жылы желтоқсанда баспасөз мәслихатында 2024 жылы қайтадан сайлауға қатысу-қатыспауын әлі шешпегенін айтқан болатын. 

Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы Конституцияға түзетулер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бұл негізгі заңның жалпы 22 бабына өзгеріс әкелді және Ресей Федерациясының билігіне халықаралық органдардың шешімдерін орындамауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер үшін шектеулерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Алайда Ресей құқық қорғаушылары мен Венеция комиссиясы президенттің бастамасымен жасалған түзетулерді сынға алды. Оппозиция мен оның жақтастары 67 жастағы Путинді өмір бойы президент болғысы келді деп айыптады.

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың 77,92 пайызы негізгі заңға өзгерістер енгізуді мақұлдады, 21,27 пайызы қарсы болды. Ал тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру кезінде заңбұзушылықтар болғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети