27 қаңтар 2021 14:42

Ресей мен АҚШ зымыранға қатысты шартты ұзартуға шешім жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресей мен АҚШ стратегиялық шабуылдаушы қаруды қысқарту туралы шартты ұзартуға шешім қабылдады. Ресей СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябковтың мәлімдеуінше,  зымыран келісімі Мәскеу қойған шарттармен ұзартылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ресей мен АҚШ стратегиялық шабуылдаушы қаруды қысқарту туралы шартты ұзартуға шешім қабылдады. Ресей СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябковтың мәлімдеуінше,  зымыран келісімі Мәскеу қойған шарттармен ұзартылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біздің шарттарымызда: бес жылға алдын-ала шарттарсыз, ешқандай толықтыруларсыз және қандай да бір "қоспасыз", - деді Рябков.

Еске салайық, бұған дейін Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джозеф Байден телефон арқылы сөйлесіп, екеуі де бұл шартты ұзарту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізгеніне қанағаттанғанын айтты. Ақ үйдің хабарлауынша, Байден мен Путин өз қызметкерлеріне шартты 5 ақпанға дейін ұзарту үшін шұғыл жұмыс істеуді бұйырды.

Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуылдаушы қаруды қысқарту туралы шарт 2011 жылдың 5 ақпанында күшіне енген. Шарт тараптардың әрқайсысы өзінің ядролық арсеналдарын жеті жылдан кейін және одан әрі қарулардың жалпы саны 700 континентаралық баллистикалық зымыраннан, сүңгуір қайықтар мен ауыр бомбалаушылардағы баллистикалық зымырандардан, сондай-ақ 1550 оқтұмсықтан және орналастырылған және ашылмаған 800 ұшыру қондырғысынан аспайтындай етіп қысқартуды көздейді.

Бүгінгі таңда бұл шарт Ресей мен АҚШ арасындағы қару-жарақты шектеу туралы жалғыз келісім, бірақ ол 2021 жылдың 5 ақпанында аяқталады. Ол ұзартылмаса, әлемде ірі ядролық державалардың арсеналдарын шектейтін келісім қалмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети