05 ақпан 2014 17:34

Ресей Олимпиаданы өткізуге дайын екенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. ©РИА Новости Владимир Путин. ©РИА Новости

Ресей Сочиде Олимпиада ойындарын өткізуге дайын деп мәлімдеді РФ Президенті Владимир Путин. Оның айтуынша, бұл Қысқы Ойындар ұлттық ірі жобаға айналды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. "Маған бізде бұл Ойындарды өткізу жөнінде бірыңғай ұлттық бәтуаластық болғанын айту ерекше қуанышты. Бұл ірі өнеркәсіптік құрылыс жобасына айналды, бұл - әлемдегі ең ірі құрылыс. Ресей осы сәтті жеті жыл бойы күтті. Бұл жалпыұлттық ірі жоба болды", - деді ол Олимпиада қалашығында ресейлік құрама мүшелерімен кездескен сәтте. Владимир Путин Олимпиадаға дайындық кезінде қазіргі заманғы жоғарытехнологиялық спорт нысандары тұрғызылғанын, спортшылардың тұруына арналған екі кластер құрылғанын атап өтті. "Ресей Қысқы Ойындарды өткізуге дайын", - деді Президент. Ресей басшысы ресейлік Олимпиада комитеті делегациясының сәлемдесу салтанатына қатысты. Өз құрамасы спортшыларымен, Олимпиаданың жағалау маңы қалашығы мэрі Елена Исинбаевамен, оның вице-мэрі Ирина Слуцкаямен суретке түсті, қалашық өкілдері Президентке тоқылған қолғапты сыйға тартты. Осы салтанатта Путин ресейлік құраманың Сочиде ең озық көрсеткішке қол жеткізетініне сенім білдірді. "Сіздерге сәттілік тілеймін, себебі, еңбек, өжеттік, жігерлі қасиетпен бірге сәттілік те маңызды. Әрқашан сәттілік жандарыңызда болсын. Барлық жақсылықты, табысты тілеймін!" - деді Путин. Ал біз еске сала кетейік, Қазақстан да бұл Олимпиадада зор табысқа жетуді көздеп отыр. Спорттың 10 түрі бойынша 52 саңлағымыз бағын сынайды. Олимпиаданың ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Ұлттық құрамамыздың ту ұстаушысы - шаңғышы Ердос Ахмадиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети