25 қараша 2019 09:37

Ресейді дүр сілкіндірген қылмыс. Студент қыздың ата-анасы оның соңғы өтінішін айтты

Олег Соколов пен Анастасия Ещенко. © fontanka.ru Олег Соколов пен Анастасия Ещенко. © fontanka.ru

8 қарашада 63 жастағы доцент Олег Соколовтың қолынан көз жұмған Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің студенті Анастасия Ещенко оқиға болардың алдында ата-анасының келуін күткен, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".

Басылым мәліметінше, соңғы рет ол әкесімен телефон арқылы 7 қарашада сөйлескен. Ал 13 қарашада оның ата-анасы келуі керек болған. 

"Ол біздің келгенімізді қалады. Бізді күтті. "Жиналдыңдар ма? Келдіңдер ме? деп сұрап тұрды. Біз "Әрине" дедік. Әкесі соңғы рет Настяға "Кездесеміз балам" деп айтты", - дейді студент қыздың анасы Галина Ещенко. 

Қайтыс болған студент қыздың анасы Галина Ещенко мен әкесі Олег Ещенко. © ren.tv

Ата-анасының айтуынша, соңғы рет Анастасияның көңіл-күйі жақсы болған. Олардың келуін күтіп, тіпті мәдени бағдарлама дайындап қойған. Ал соңғы өтініші - оған көк бәтеңке әкеп беруін сұраған. 

Ресейді дүр сілкіндірген қылмыс. Профессор өз студентін бөлшектеп тастаған

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети