20 маусым 2020 15:09

Ресейде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 8 мыңнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде тәулік ішінде COVID-19 жұқтырған 161 адам қайтыс болды, барлығы 8002 адам көз жұмды - деп хабарлайды РИА Новости.


Ресейде тәулік ішінде COVID-19 жұқтырған 161 адам қайтыс болды, барлығы 8002 адам көз жұмды - деп хабарлайды РИА Новости.

"Соңғы тәулікте 161 қайтыс болған адам тіркелді. Бүкіл кезеңде Ресейде 8002 адам көз жұмды", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Мәскеуде 34 адам, Мәскеу маңында 23 адам, Санкт-Петербургте 21 адам қайтыс болды.

Өткен тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырған 7889 адам тіркелді. 10 186 науқас ауруханадан шығарылды. Бұл туралы елдің індетпен күрес жөніндегі жедел штаб өкілі хабарлады. Бұл ретте вирус жұқтырған 2579 адамда (32,7 пайыз) клиникалық белгілер жоқ. 

Джонс Хопкинс Университетінің статистикасына сәйкес, әлемде COVID-19 жұқтырған 8,6 миллион адам бар, 460 мың адам қайтыс болды, 4,2 миллион сауықты. Өлім саны ең көп - АҚШ (120 мыңға жуық қаза тапты), одан кейін Бразилия, Ұлыбритания, Италия, Франция, Испания және Мексика.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети