29 желтоқсан 2014 16:30

Ресейде "Ислам мемлекеті" қудаланатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресейдің Жоғарғы соты "Ислам мемлекеті" мен "Джебхат ән-Нұсра" халықаралық ұйымдарын террористік деп таныды, - деп хабарлайды РИА Новости


Ресейдің Жоғарғы соты "Ислам мемлекеті" мен "Джебхат ән-Нұсра" халықаралық ұйымдарын террористік деп таныды, - деп хабарлайды РИА Новости

Сот шешімі күшіне енгеннен кейін бұл ұйымдарға мүше болу Ресей аумағында заңмен қудаланатын болады. Ұйымдарға қатысты шешім қаралған сот отырысы жабық жағдайда өтті, сол себепті қабылданған шешімдердің бір бөлігі беймәлім. Сотқа Ресейдің бас прокуроры Юрий Чайканың өтініш жасағаны белгілі болды, Федералдық қауіпсіздік қызметі "Ислам мемлекеті" мен "Джебхат ән-Нұсра" ұйымдарын залалсыздандыру қажеттігі туралы оның пікірін қолдады. 

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" ұйымы осы жылдың жазында Сирия мен Ирактың басып алынған аумақтарында "халифат" жариялаған болатын. Ұйым Сирияның үкіметтік күштерге қарсы соғыс жүргізілген аумақтарында біраз қол жинады. АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жуық содыр өз күштерін одан әрі кеңейтуге тырысып жатыр. "Ислам мемлекетіне" қарсы күрестің ортақ майданы жоқ: онымен Сирия мен Ирактың үкіметтік жасақтары, АҚШ бастаған халықаралық коалиция және Ирак пен Сирияның күрдтері соғысып жүр. Ұрыс әрекеттері нәтижесінде мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тапты, жүздеген адам босқын атанды, тағы бірнеше мың адам сол террорлық ұйымның қоластында тұтқын болып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети