Ресейде журналист ІІМ ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ирина Славина. Фото: Telegram-дағы BAZA арнасы Ирина Славина. Фото: Telegram-дағы BAZA арнасы

"Коза Пресс" интернет-басылымының бас редакторы Ирина Славина Нижний Новгородтағы ІІМ ғимаратының алдында өзін орындыққа байлап, киімін өртеп жіберді, - деп хабарлайды "Подъем".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Коза Пресс" интернет-басылымының бас редакторы Ирина Славина Нижний Новгородтағы ІІМ ғимаратының алдында өзін орындыққа байлап, киімін өртеп жіберді, - деп хабарлайды "Подъем".

Жолаушылар мен полиция қызметкерлері журналисті құтқармақ болған, алайда ол оларды итеріп жіберген. Нәтижесінде Ирина Славина қайтыс болды.

Осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік журналист өзінің Facebook-тегі парақшасында: "Менің өліміме Ресей Федерациясын кінәлауды сұраймын", деп жазған.

Қайғылы оқиғадан екі күн бұрын журналистің үйінде тінту жүргізілген. Славинаның айтуынша, одан бірнеше компьютер, телефон және ақпарат құралдары тәркіленген. Адвокатпен байланысуға рұқсат берілмеген, ал күйеуі қызына қоңырау шала алмаған. Журналист тәркіленген заттардың хаттамасы берілмегенін айтты.

"Соңғы уақытта осындай жағдайлар кездесті... Оны билік тарапынан қыса бастады. Әкімшілік жаза, соттар... Ал іздеуден соң төзімі таусылды... Денесін кейінірек анықтаймыз. Күйіп қалған. Киімі жоқ, бәрі жанып кетті... Әйелімді біле отыра, мен тіпті күмәнданбаймын", - деді марқұмның күйеуі Алексей Мурахтаев РИА Новостиге.

Нижний Новгородтың тергеу комитеті іздеуге байланысты суицид жасау туралы ақпараттың негізі жоқ екенін мәлімдеді. 

"Новая газета" мәліметінше, Славина КоzaPress басылымының негізін қалаушы және ондағы жалғыз журналист. Жобаны құру идеясы 2015 жылы, Ирина үшінші рет жұмысынан айырылған кезде пайда болған. Журналист "Грибница" басылымына берген сұхбатында бұл жұмыстардан босап қалу себебі - "мәселелерді тым ары қазбалағаннан" екенін айтқан. 

Нижний Новгород облысының губернаторы Глеб Никитин журналистің туыстары мен достарына көңіл айтты. 

"Бұл қайғылы жағдайдың мән-жайын қазір құқық қорғау органдары анықтап жатыр", - деді ол журналистерге.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer