05 тамыз 2019 17:53

Ресейде қару-жарақ қоймасы жарылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде қару-жарақ қоймасы жарылып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Baza Telegram-каналына сілтеме жасап. 


Ресейде қару-жарақ қоймасы жарылып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Baza Telegram-каналына сілтеме жасап. 

Краснояр өлкесінде оқ-дәрілері бар әскери қоймалар жанып, жарылыс болып жатыр. Жергілікті билік Ачинск ауданындағы маңайдағы ауылдарды көшіре бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қоймаларда миналар мен зениттік патрондар сақталған.

Бір зардап шеккен адам туралы белгілі - ол жергілікті тұрғын, оған жарылыстан кейін сынық түскен.

Еске салайық, Арыс қаласында биыл 24 маусымда әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, төрт адам қаза тапқан, тағы 90-ға жуық адам зардап шеккен еді. Сол сәтте қала толық эвакуацияланып, тұрғындар төрт күннен соң үйлеріне оралған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети