18 желтоқсан 2022 17:08

Ресейде мобилизация кезінде әскери бөлімшелерді тастап, елден қашқандарға үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Reuters Reuters

Ресейде мобилизация кезінде әскери бөлімшелерді тастап, елден қашқандарға қатысты алғашқы үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Ресейде мобилизация кезінде әскери бөлімшелерді тастап, елден қашқандарға қатысты алғашқы үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, екі сарбаз шартты жаза алып отыр. Сот Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің жаңа баптары бойынша үкім шығарған.

Бір үкім Мурманскіде дезертирлік туралы бап бойынша және екеуі бөлімді өз бетінше қалдырғаны үшін Великий Новгород пен Мәскеу маңындағы Солнечногорск қаласында болған оқиғаларға қатысты.

Жергілікті ақпарат көздерінің деректеріне сүйенсек, бұл үкімдер 24 қыркүйекте президент Владимир Путин тиісті түзетулерге қол қойған соң, Қылмыстық кодексте жұмылдыру жарияланғанға дейін бір күн бұрын енгізілген жаңа баптар негізінде шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети