09 желтоқсан 2016 17:46

Ресейде мұғалімнің үй порносын Желіде таратып жіберген студенттер іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© life.ru © life.ru

Сібір федерал университетінің оқытушылар құрамы мұғалімнің үй порносын жария еткен сдуденттерді іздестіріп жатыр, - деп жазады Life.ru. Видео Желіге тарап кеткеннен кейін оқу орнында дау туып отыр.


Сібір федерал университетінің оқытушылар құрамы мұғалімнің үй порносын жария еткен сдуденттерді іздестіріп жатыр, - деп жазады Life.ru. Видео Желіге тарап кеткеннен кейін оқу орнында дау туып отыр.

Оқытушының өзі студенттердің мұндай қылығын арандатушылық деп есептейді екен. Ол құқық қорғау органдарын куәлік беру кезінде өз наутбугінде расымен осы тектес видеоларды сақтайтынын мойындады. Дегенмен, видеоның Желіге қалай тарап кеткені сұрақ туындатып отыр.

"Мен өз компьютерімді бірнеше рет қызмет көрсету орталығына апарған болатынмын. Ал бұл видеоны кім және қайда таратқанын білмеймін. Менің естуімше, видео порносайттардың біріне орналастырған. Мен ол видеоны өзім көрмегендіктен, ондағы ер адам туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Мен де, әйелім де бұл жайттан таңданып отырмыз", - дейді Равиль Г.

Сонымен қатар, оқытушы бұл видеоны үлгерімі нашар студенттердің бірі қастық оймен жариялауы мүмкін екенін айтады.

"Жақында оқудан шығарылатын студенттер бар. Университет жетекшілігі арандатушының кім екенін шамамен біліп отыр. Ол жігіттің 7 академиялық қарызы және жатақханадағы тәртіпке қатысты қиындықтары бар. Бұл құр сөз болмас үшін оқиғаны толық тексеру туралы шешім шығарылды", - дейді СФУ оқытушысы.

Басылымның жазуынша, университет жетекшілігінің оқытушыға қарсылығы жоқ. Ал оның қатаң мұғалім екеніне наразылардың қатары көп екенін студенттер де мойындап отырған көрінеді. 

Студентердің бірі бұл видеоның баяғыдан барын, тек кейінгі кезде оны біреу еске салып қойғысы келгенін айтады.

Қазір оқытушы заңгерлерден кеңес алып, атына келген нұқсанды жойып, дауға себепші болған адамды жазалағысы келеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети