1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ресейде шілдеден бері алғаш рет коронавирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асты19 қыркүйек 2020, 15:33

Сурет: Алихан Сариев Сурет: Алихан Сариев

Өткен тәулікте Ресейде CAVID-19 жұқтырған 6065 науқас анықталды, 144 адам қайтыс болды, 5255 адам ауруханадан шығарылды. Бұл туралы журналистерге инфекциямен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлаған, - деп жазды РИА Новости

Осылайша, күнде инфекциямен тіркелетін науқастардың саны 19 шілдеден бері алғаш рет алты мыңнан асты. Бір күн бұрын 5905 жұқту дерегі анықталған, өсу қарқыны тәулігіне - 0,5 пайыз.

Жаңа жағдайлардың ішінде 1460 адамда (24,1 пайыз) ауру симптомсыз.

Вирусты ең көп жұқтырғандар Мәскеуде анықталды - 825 адам. Тағы 212 жағдай Санкт-Петербургте, 180 - Ростов облысында тіркелді.

Пандемия басталғаннан бері Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 097 251-ге жетті, 19 339 адам қайтыс болды, 906 462 адам сауығып шықты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, әлемде 30 миллионнан астам COVID-19 жұқтырған адам бар, 943 мың адам қайтыс болды. Ең көп вирус жұқтырғандар АҚШ-та - 6,5 миллион науқас. Инфекцияға сезімтал он елдің қатарына Үндістан, Бразилия, Ресей, Перу, Колумбия, Мексика, Оңтүстік Африка, Испания және Аргентина кіреді.
 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!