14 ақпан 2020 21:19

Ресейде тікұшақ құлады: екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Ямало-Ненецк автономиялық округінде Ми-8 тікұшағы апат жағдайында қонып, әуе кемесінің командирі мен бортмеханигі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап. Оқиға туралы Урал көлік прокуратурасының баспасөз қызметі таратты.

Оқиға жұмада Сабетта портынан 500 метр жерде болған. "Скол" әуекомпаниясының Ми-8 тікұшағы қарлы боранда қалып қойып, тікұшақ қалағы сынған. Осыдан кейін әуе кемесі төңкеріліп қалған. Бортында 10 адам болған, оның ішінде экипаждың үш мүшесі, оның екеуі қаза болған. 

"Оқиға орнынан жеткен ақпаратқа қарағанда, әуе кемесінің командирі мен бортмеханигі қаза тапқан. Экипаждың үшінші мүшесі және жеті жолаушы тікұшақтан өз бетінше шыққан", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпараты бойынша, тікұшақ Краснояр өлкесінен Сабеттаға ұшып шыққан, рейс мақсаты - вахталық тасымалдау. Апат жағдайына қону дерегі бойынша прокуратура ұшу қауіпсіздігі туралы заңнаманың сақталғанын тексеруді бастады. Оқиға себептері анықталып жатыр.

"Тікұшақ апатының негізгі себептері: ұшудағы қатесі, техникалық ақау, сондай-ақ қолайсыз метеожағдай", - делінген РФ СК хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети