Ресейдегі әскери бүлік: Шойгу туралы ақпарат жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскери тәртіпсіздік басталғаннан бері алғаш рет халық алдына шықты. Ресейлік БАҚ Шойгудың "Батыс" әскерлер тобының алға қарай басқару пунктін тексергені туралы ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскери тәртіпсіздік басталғаннан бері алғаш рет халық алдына шықты. Ресейлік БАҚ Шойгудың "Батыс" әскерлер тобының алға қарай басқару пунктін тексергені туралы ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейбір Telegram-арналар мәліметінше, бұл "Вагнер" ЖӘК әскери көтерілісінен кейін отставкаға кетуі мүмкін деген қауесеттен кейінгі қорғаныс министрі туралы алғашқы жаңалық.

Ресейлік журналистер елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, Сергей Шойгу түсірілген кадрларды жариялады.

Айта кетейік, әскери көтерілісті ұйымдастырушы Евгений Пригожин Сергей Шойгуды бірнеше рет айыптап, көпшілік алдында қорлаған еді. 24 маусымда таңертең Ростов-на-Дону қаласындағы ғимараттарды басып алған "Вагнер" басшысы оның жауынгерлері "Бас штаб бастығы мен Шойгуды алғысы келетінін" айтқан еді.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының қорғаныс министрі әскери көтеріліс туралы көпшілік алдында пікір білдірген жоқ.

24 маусымға қараған түні "Вагнер" басшысы Евгений Пригожин "әділет шеруін" бастап, әскери колоннаны Мәскеуге жіберді. Владимир Путин жалдамалылардың әрекеттерін "арттан жасалған соққы" деп атады, сонымен қатар, қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

24 маусымда түн ортасына қарай Пригожин "Вагнер" жауынгерлері Мәскеуге жетуіне 200 шақырым қалғанын және "қан төгілуі мүмкін сәт келгенін" хабарлады. Бұдан бірнеше минут бұрын Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко "Вагнер" басшысымен "күні бойы жалғасқан" сәтті келіссөз жүргізгені туралы мәлімдеді.

Кейінірек Кремль Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын, ол Беларуське кететінін мәлімдеді. Ал билік көтеріліске қатысқан "Вагнер" құрамындағыларды қудаламайтыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer