09 тамыз 2022 10:07

Ресейдегі қауіпті ҰҚТ жетекшісі Қарағандыда жасырынған болуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Mash Фото ©️ Mash

Ресейдегі ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі, Сильвестр лақап атымен танымал Сергей Тимофеевтің қызы әкесі Қарағандыда тұратынын айтты. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейдегі ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі, Сильвестр лақап атымен танымал Сергей Тимофеевтің қызы әкесі Қарағандыда тұратынын айтты. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми түрде Орехов қылмыстық тобының жетекшісі (аты Мәскеудің Орехово-Борисово тұрғын үй алабынан алынған) Сильвестр, ресми нұсқа бойынша, 1994 жылы қайтыс болған. Алайда қызы әкесі тірі екенін айтты.

"Сергей Тимофеев Ресейдегі қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің негізін қалаушы және жетекшісі болды. 1994 жылы 13 қыркүйекте Сильвестр отырды деген Mercedes 600 көлігі Мәскеу орталығында жарылып кеткен. Телефоны 11 метр жерге ұшып кеткен, ал марқұмның  өртенген денесі тек салонда қалып қойған визит карточкасы және тісіндегі пломба (бірақ тіс дәрігерінің ауызша куәлік беруімен ғана) арқылы анықталған.

Енді, 28 жылдан кейін Карина Харламова - Тимофеевтің туған қызы мәйітті Хованский зиратына жерлеуді талап етіп, полицияға жүгінді. Ол әкесі тірі, дені сау, қазір Қарағандыда екенін, ал оның бейітінде басқа адам жерленгенін айтады", - деп жазды Mash.

Орехов ҰҚТ 1980 жылдардың ортасында жиналып, 1988 жылға қарай құрылған. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында кәсіпқой спортта болашағы жоқ және нақты кәсібі болмағандықтан қылмыстық салада ақша табуға үміттенген бұрынғы спортшылар болды. Ол кезде бәрі 18-25 жаста болған.

Топ мүшелеріне қатысты сот 2020 жылға дейін жалғасты. 2020 жылдың 8 шілдесінде 1990 жылдары бес адамды өлтірді деп айыпталған Орехов қылмыстық тобының мүшесі Александр Шарапов 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Бригада" телехикаясының сценарийі Орехов ұйымдасқан қылмыстық тобының тарихына негізделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети