18 қазан 2022 09:41

Ресейдегі ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ейскіде Су-34 әскери ұшағы құлап, 9 қабатты ғимарат өртенген апаттан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ейскіде Су-34 әскери ұшағы құлап, 9 қабатты ғимарат өртенген апаттан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ейск қаласындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазартқаннан кейін ұшақ құлаған жерден қаза тапқандардың мәйіттерін тапты. 18 қазан сағат 06:00-дегі жағдай бойынша апат салдарынан 13 адам қаза тапты, оның ішінде 3 бала. 19 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, олардың төртеуі Краснодар облыстық ауруханасында емделіп жатыр, қалғандары Ейскіде емделеді. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі үш адамның өлімі бірден белгілі болғанын, кейін үй қирандыларының астынан он адамның мәйіті табылғанын айтты.

"Ейскіде іздестіру-құтқару операциясы барысында 68 адам құтқарылды, оның ішінде баспалдақтардың көмегімен 360-тан аса адам эвакуацияланды", - деп түсіндірді департамент өкілі.

Еске салайық, Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлаған болатын.

Ресей Қорғаныс министрлігі Су-34 ұшағы Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу мақсатында көтерілген кезде құлағанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети