10 шілде 2023 14:02

Ресейдің Екатеринбург қаласында Қазақстанның бас консулдығы ашылды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото primeminister.kz Фото primeminister.kz

Ресейдің Екатеринбург қаласында Қазақстанның Бас консулдығының ашылуы өтті. Салтанатты шараға премьер-министр Әлихан Смайылов қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.


Ресейдің Екатеринбург қаласында Қазақстанның Бас консулдығының ашылуы өтті. Салтанатты шараға премьер-министр Әлихан Смайылов қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Смайылов "ИННОПРОМ" XIII халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысу үшін Екатеринбург қаласына жұмыс сапарымен барғаны айтылды.

Бас консулдық жұмысы Қазақстан Республикасының өңірлері мен кәсіпорындарының Ресей Федерациясы өңірлерімен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейтуге, сондай-ақ тиісті консулдық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа дипломатиялық нысанның жұмысы Орал федералды округінің бүкіл аумағын, атап айтқанда Свердлов, Челябі, Қорған, Түмен облыстарын, сонымен қатар Пермь өлкесін қамтиды.

Жалпы осы консулдық округтің аумағында 90 мыңнан астам қазақ, оның ішінде Қазақстаннан келген 7 мыңнан астам студент бар.

Салтанатты рәсім кезінде Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашев қызыл лентаны қиып, артынша Бас консулдықтың ғимаратын аралады.

Премьер-министрдің айтуынша, Оралдың қақ орталығында Бас консулдықтың ашылуы біздің достық қарым-қатынастарымыздың дамуына елеулі серпін береді.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы 10 жыл бұрын Екатеринбургте екі ел президенттері қол қойған ХХІ ғасырда тату көршілік пен одақтастық туралы шарт аясында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту шаралары белсенді жалғасып келе жатқанын атап өтті.

"Бүгінде Қазақстанның облыстары мен қалаларының Ресей субъектілерінің көпшілігімен тұрақты диалогы орнатылған. Бұл тұрғыда Орал аймағы географиялық жақындығы жағынан да, өнеркәсібі дамыған Свердлов, Қорған, Түмен, Челябі облыстарымен және Пермь өлкесімен қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстар жағынан да өте маңызды", - деді Әлихан Смайылов.

Сөз соңында Премьер-Министр ҚР Бас консулдығы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдіріп, оның қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети