18 қазан 2022 08:42

Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ құлады: қаза тапқандар бар

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, құлаған әскери ұшақтан ұшқыштар қашып үлгерген. Апат болған жерде бірнеше жарылыс болып, көпқабатты үйде өрт шыққан. Өрт салдарынан 9 қабатты ғимарат өртеніп, салдарынан үш адам қаза тауып, 22 адам жараланған. 

Ейск орталық аудандық ауруханасында өрттен зардап шеккендерге 8 операциялық бөлме мен 11 реанимациялық төсек орналастырылған. Қазір ауруханада 11 адам жатыр, оның екеуі жүкті келіншек. 

Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, өртке оранған үйде 600 адам тұрып жатыр. Билік олардың әрқайсысының қайда екенін анықтауды тапсырған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ғимаратқа кіріп, қазір пәтерлерді тексеріп жатыр.

Ресей Қорғаныс министрлігі Су-34 ұшағы Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу мақсатында көтерілген кезде құлағанын мәлімдеді.

"Ұшақ Ейск қаласының ішінде апатқа ұшырады. Ұшқыштар апатқа қозғалтқыштардың бірінің тұтануы себеп болғанын айтты", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети