31 қаңтар 2022 09:05

Ресейдің халық әртісі Виктор Мережко қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Мережко. © tatar-inform.ru Виктор Мережко. © tatar-inform.ru

Ресейдің халық әртісі, сценарист, режиссер және тележүргізуші Виктор Мережко жексенбі, қаңтардың 30-ы күні 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новостиге Ресей Кинематографистер одағы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә", - деді одақ өкілі Мережконың өлімін растап.

Виктор Мережконың сценарийлері бойынша 50 фильм мен 12 мультфильм түсірілді, олардың ішінде  "Родня", "Полеты во сне и наяву", "Вас ожидает гражданка Никанорова", "Одинокая женщина желает познакомиться", "Приключения пингвиненка Лоло" сияқты танымал картиналар бар.

1990-жылдардан бастап Мережко негізінен қылмыстық сериялдарда көп ойнады. Көрермендер оны "Рэкет"  және "Крот" сериялдарындағы рөлі арқылы жақсы таниды.

Мережко - "Киношок" фестивалін ұйымдастырушылардың бірі. Сонымен қатар, ол "Ника" киноакадемиясының негізін қалаушылардың бірі, алғашқы президенті. Ол "Кинопанорама" бағдарламасының жүргізушісі ретінде де танымал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети