23 наурыз 2014 12:09

Ресейлік әскерилер Қырымдағы әуебазасын басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік әскерилер Қырымдағы "Бельбек" әуебазасын басып алды, - деп хабарлайды AFP.com. База аумағына мұздай қаруланған бронетранспортерлар артынан жауынгерлер тола отырған екі автокөлік ілесе кірген. Мәлім болғанындай, ресейлік әскерилер алдымен аспанға атып, содан соң қаруларын украиндық әскерилерге кезеген. Ресейлік әскерилер бұл қадамға бармас бұрын, қарсыластарына өз еріктерімен берілуді және қаруларын тастауды бұйырған екен. AFP.com таратқан мәліметке қарағанда, басып алу алдында шулы гранаталар қолдыналған. Қақтығыс жүріп жатқанда қарусыз бірнеше украиндық жауынгер мемлекеттік әнұранды орындапты. Мәлім болғанындай, қақтығыс кезінде бір украиндық жауынгер мен бір журналист жаралаған. Russia Today "Бельбек" әуебазасын Қырымдағы өзін өзі қорғау отрядының өкілдері басып алғанын хабарлады. Осы БАҚ-тың мәлімдеуінше, базаны басып алу әрекетіне ресейлік әскерилер араласпаған. "Украиндық әскерилер тарапынан тұрғындарға бағытталып оқ атылғанда, өзін өзі қорғау отрядының қатысушылары көліктің қапталына жасырынған бойда, қақпаны бұза отырып, әскери бөлімшені басып кірген", - деп Russia Today-ге севастополдық ForPost жаңалықтар порталының журналисі Дмитрий Осипенко өзінің болжамын айтқан. Сол қақтығыстан кейін украиндық әскерилер ресейліктер басып алған әуебазасын тастап шыққан. Дәл қазіргі уақытта ол базада Ресейдің туы желбіреп тұр. Ресейлік БАҚ мәліметінше, "Бельбек" әуебазасы 2014 жылы наурыздың 16-ы күні өткен жартылай аралдың Ресейге қосылуын көздейтін референдумды мойындамаған Қырымдағы ең соңғы аумақ болатын. Бұған дейін хабарланғанындай, Ресейлік әскерилердің қарауына Украина иелігіндегі жалғыз сүңгуір қайық та өткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети