Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ресейлік әскерилер Украина аумағында әлі де бар - НАТО

21 Қыркүйек 2014, 21:21
0

НАТО-ның Еуропадағы қолбасшысы Филипп Бридлав (Philip Breedlove) ресейлік әскерилердің Украина жерінде әлі де болсақалып отырғанын, ал соғысты уақытша тоқтату туралы уағдаластық орындалмай отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол жоғарғы әскери қолбасшылығы алянсының Вильнюсте өткен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Agence France-Presse.

Алайда Бридлав Ресей әскерінің саны туралы нақты дерек келтірген жоқ.

НАТО генералы сондай-ақ, соңғы аптада Украинада ресейлік әскерилердің саны кемігенін, олардың кейбірі Ресей аумағына өткенімен үйлеріне емес, "қажет бола қалған жағдайда" Украина жеріне өте қалу үшін дайын тұрғанын айтты. 

Бридлав сондай-ақ Украинаның оңтүстік-шығысында ішін-ара орын алып тұратын қақтығыстарға негізінен Ресейді кінәлап, соғысты уақытша тоқтату туралы уағдаластық орындалмай отырғанын айтып отыр.

Еске саламыз, қыркүйектің 20-сы күні тараптар Минскіде Украинаның оңтүстік-шығысында бірнеше тармақтан тұратын меморандумға қол қойған болатын. Онда екі жақтағылардың қарудың барлық түрін қолдануға тыйым салу, ірікалибрлі қару түрлерін бір бірінен кемінде 15 шақырымға кейінге шегеру, әскери авиациялардың ұшуына тыйым салу және шетелдік ұшу аппараттарын қолдануға тыйым салу қарастырылған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай