21 қазан 2015 14:36

Рим Папасының миында ісіктің бар екені анықталды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Рим Папасы Францисктің миынан бір ай бұрын "кішігірім ісік" табылды, - деп хабарлайды РИА Новости италиялық Quotidiano Nazionale басылымына сілтеме жасап.


Рим Папасы Францисктің миынан бір ай бұрын "кішігірім ісік" табылды, - деп хабарлайды РИА Новости италиялық Quotidiano Nazionale басылымына сілтеме жасап.

Басылым бірнеше уақыт бұрын Францисктің Тосканда жұмыс істейтін жапон дәрігеріне жасырын түрде барғанын жазды. "Бұл дақ - мидағы кішігірім ісік. Оны хирургиялық отасыз-ақ емдеуге болады", - деп хабарланды.

Сонымен қатар, Әулие тағының баспасөз қызметінің басшысы Федерико Ломбарди ақпаратты дереу жоққа шығарды. "Папа бұрынғыша белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Негізсіз ақпарат тарату жауапкершіліксіздікке жатады", - деді ол.

Өз кезегінде Quotidiano Nazionale редакторы Андреа Канжини ақпараттың жоққа шығарылуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. "Біз бұл жаңалықты шығару үшін ұзақ тексерістер жүргіздік. Жарияламас бұрын ұзақ ойландық. Дегенмен қоғам мұндай ақпаратты білуі тиіс деген шешімге келдік", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети