22 сәуір 2022 08:55

"Россия-1" арнасының тележүргізушісі соғысқа қарсы шығып, қызметінен кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mk.ru © mk.ru

"Россия-1" телеарнасындағы "Сто к одному" шоуының тұрақты жүргізушісі Александр Гуревич әлемде болып жатқан оқиғаларға қатысты пікір білдірген соң бағдарламадан кетті. Бұл туралы "Стархит" басылымына белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гуревич ойын-сауық шоуын жүргізуге ынталы еместігін және оған қатысқысы келмейтіндерді түсінуге дайын екенін мәлімдеген.

"Мен көңіл көтеру мен әзілдесу мүлдем мүмкін емес деп есептеймін. Бағдарлама қонақтары, ойынға қатысушылар арасында бүгін өзін басқаша сезінетіндер бар деп ойлаймын", - деді 57 жастағы тележүргізуші.

"Сто к одному" шоуы "Россия-1" арнасында 1998 жылдан бері көрсетіліп келеді. "Қазір бағдарламаның жаңа жүргізушісі кім болатыны және бұдан былай болатын-болмайтыны белгісіз", - деп жазады басылым.

Meduza мәліметінше, Гуревич соғысқа қарсы шыққаннан кейін YouTube-тегі ресми арнадан "Сто к одному" бағдарламасының барлық эпизоды өшірілген. Мұның себептері белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети