01 қазан 2021 13:30

Саакашвили Грузияға оралғанын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили әлеуметтік желілерде елге оралғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили әлеуметтік желілерде елге оралғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайырлы таң, Грузия! 8 жылдан кейін Грузиядан", - деп жазды саясаткер Facebook-те.

Кейін Саакашвили парақшасында видеохабарлама жариялады. Ол өзінің Батумиде екенін айтты.

Қыркүйектің басында Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили муниципалдық сайлау қарсаңында елге оралатынын жариялап, отандастарын одан үлгі алуға шақырған болатын.

Михаил Саакашвили 2013 жылы Грузиядан кетіп, оған қарсы бірқатар қылмыстық істер қозғалған. Олардың кейбірінде Саакашвили сырттай бас бостандығынан айырылған болатын. Грузия билігі Саакашвили Грузияға оралса, оны ұстайтынын бірнеше рет мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети