13 тамыз 2014 15:43

Саакашвилиге жаңа айыптау тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның экс-перзиденті Михаил Саакашвилиге жаңа айыптаулар тағылуда,- деп хабарлайды РИА Новости.


Грузияның экс-перзиденті Михаил Саакашвилиге жаңа айыптаулар тағылуда,- деп хабарлайды РИА Новости.

Грузия бас прокуратураның мәлімдеуінше, бұл жолы бұрынғы мемлекет басшысына "бюджет қаржысын орынсыз жұмсады" деген айып тағылуда.

Мұндай айыптау бес миллион доллардың ысырап болуынан кейін туындап отыр. Прокуратура өкілдері аталып отырған сомалар аспаз қызметіне және массаж жасатуға, шетелдіктер орналасқан қонақ үй ақысына, Италиядан арнайы яхта жалдау құнына кеткен деп мәлімдеп отыр.

Саакашвилиге бұдан бұрын "қызметін асыра пайдаланып оппозицияның акцияларын қолды етуге, "Имеди" телекомпаниясын талқандауға, компанияның иесі Бадри Патаркацишвилидің меншігін тартып алуға қатысы бар" деген айып тағылған болатын.

Бұған қоса оның үстінен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген баппен де қылмыстық іс  қозғалған. Сондай-ақ Грузияның экс-президенті елдің парламент депутаты Валерия Гелашвилиді 2005 жылы соққыға жыққаны үшін де айыпталып отыр.

Сырттай тұтқындалған Михаил Саакашвили қазірде саяси қашқын емес екенін, өзіне тағылған айыптардың қисынға келмейтінін мәлімдеп те үлгерді. Ол әлем елдері бойынша емін-еркін жүре алатынын тек Грузия мен Ресейге ғана бара алмайтынын айтқан болатын. Кейбір дерек көздері қазірде оның Нью-Йоркте тұрып жатқанын растайды. Ол ешуақытта Грузияның бас прокуратурасының тергеп-тексеруіне қатыспайтынын, олармен бірлесіп жұмыс істемейтінін бұған дейін де мәлімдеген. Саакашвилидің ойынша, өзінің осы мәлімдемесі құзырлы орындарға оны сырттай тұтқындауға мәжбүр еткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети