19 шілде 2023 09:00

Садыр Жапаров қазақ пен қырғыз - жол салушылар туралы әзіл айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: president.kg Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ пен қырғыз - жол салушылары туралы әзіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ пен қырғыз - жол салушылары туралы әзіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

AKIpress news мәліметінше, Жапаров бұл әзілді Қырғызстанның Көлік және коммуникация министрлігіне жол техникасын тапсыру рәсімі кезінде айтқан.

"Екі жігіт Мәскеуде жол құрылысы мамандығы бойынша университет бітіреді. Біреуі Алматыда, екіншісі Бішкекте жұмысқа тұрған. Бір жылдан кейін қазақ қырғызды үйіне шақырады. Барса, онда екі қабатты үй, Mercedes бар. Қырғыз сұрайды: "Мына байлықтың бәрін қайдан алдың, сырыңды айтшы". Қазақ жолды көрсетіп: "Мына жолды көрдің бе? Мен салдым. Енінен 5 сантиметр, қалыңдығынан 1 сантиметр үнемдедім. Байлығым осыдан" - дейді.

Үш айдан кейін қырғыз қазақты жауап ретінде шақырады. Онда үш қабатты үй, гелендваген, коттеджі бар. Қазақ мұның бәрі қайдан келгенін сұрайды. Сонда ол Бішкектен Қара-Балтаға баратын жолды көрсетіп: "Мында жаңа тасжол болуы керек еді, бірақ мен оны салған жоқпын, байлығым осыдан" дейді", - деді Жапаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети