03 желтоқсан 2021 14:26

Сальвадор қорғаныс министрінің ұлы ұшақ апатынан қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Сальвадордағы Эль Сапоте жағажайында елдің әскери-әуе күштерінің (Әуе күштері) ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі El Salvador сайтына сілтеме жасап.


Сальвадордағы Эль Сапоте жағажайында елдің әскери-әуе күштерінің (Әуе күштері) ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі El Salvador сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, бір күн бұрын теңізде жоғалып кеткен яхтаны іздеуге шыққан ұшақ бортында үш экипаж мүшесі, оның ішінде Сальвадор қорғаныс министрі Мерино Монройдың ұлы Херардо Мартино болған.

Іздестіру жұмыстары бірнеше сағатқа созылған. Кейін үкімет үш сарбаздың мәйіті ұшақ қирандысынан табылғанын растады. Әскери дереккөздердің айтуынша, олардың бәрі Комалапа әуежайында орналасқан екінші әуе бригадасында қызмет еткен. Қарулы күштер оқиғаның ешқандай нұсқасын айтқан жоқ.

Құрбан болғандар фрегат (Әскери-теңіз күштері) лейтенанты Херардо Антонио Мерино Маррокин, ұшақты басқарған ұшқыш-капитан Карлос Родриго Эскобар Грималди және фрегат лейтенанты Сантос Элиас Серрано Минерос.

Президент Найиб Букеле Twitter-де Мерино Монройдың отбасына көңіл айтты.

"Жаратқан ием, министр Мерино Монройға күш беріп, оны дұрыс бағытқа сал", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети