30 қаңтар 2020 09:39

Самарқанда бірден үш оқушы қыз жүкті болып қалды: Оқушылар жаппай тексеріліп жатыр

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Самарқанның Тайлақ ауданында бірден үш мектеп оқушысы жүкті болып қалған, алайда аудандық білім бөлімі бұл мәліметті қоғамнан жасырып қалуға тырысқан. Бұл туралы "Озодликке" Самарқандағы денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің бірі хабарлаған. 


Самарқанның Тайлақ ауданында бірден үш мектеп оқушысы жүкті болып қалған, алайда аудандық білім бөлімі бұл мәліметті қоғамнан жасырып қалуға тырысқан. Бұл туралы "Озодликке" Самарқандағы денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің бірі хабарлаған. 

Дәрігердің сөзінше, бір уақытта үш мектеп оқушысы жүкті болып қалғандықтан оқушыларды УДЗ-бен тексеруге жібере бастаған. 

"Бұл Тайлақ ауданында мектеп оқушыларының жүкті болуы жиілеп кеткендіктен басталды. Жақында кәмелет жасқа толмаған үш қыздың аяғы ауыр болып қалғаны белгілі болды. Сондықтан жергілікті билік шұғыл түрде мектеп оқушыларын УЗИ арқылы тексеруге тапсырма берген", - дейді дәрігер. 

"Озодлик" мәліметінше, бұл ақпаратты мектеп мұғалімі де растаған. 

"Осы жағдайға байланысты біздің мектепте шұғыл жиналыс өтті. Мектеп оқушыларының арасында аяғы ауыр бірнеше қыз анықталған. Енді солардың бірін тұрмысқа бермек. Қалғаны белгісіз", - дейді мұғалім. 

Бұл ақпаратты Тайлақ аудандық әкімшілігінің өкілі де растаған. Айтуынша, жүкті болып қалған 17-17,5 жас аралығындағы қыздар екен. 

"Өзбекстанда былтыр бірінші қыркүйектен бастап қыздарға 18 жастан бастап тұрмысқа шығуға рұқсат етілді. Сондықтан ол қыздар жақында тұрмысқа шығады. Қыздар мұндай қадамға өз еріктерімен барған, оларды ешкім қинамаған. Ал осы жағдайға байланысты қалған қыздарды да тексеріске жіберіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Олар біз жарты жыл сайын өткізетін медициналық тексерістен өтіп жатыр. Қазір 7, 8 9-сынып оқушылары УЗИ-ден өтіп жатыр", - дейді жергілікті шенеунік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети