Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.66
EUR / KZT - 380.00
CNY / KZT - 48.37
RUB / KZT - 5.45

Самогоншылар жайлы хат үшін ақы алынбайды

02 Ақпан 2014, 11:20
0
©Lenta.ru
©Lenta.ru
Беларусь поштасы милицияға самогон сатушылар жөнінде анонимді ақпарат берушілердің хатын тегін жеткізіп беретін болды, бұл туралы Tengrinews.kz Lenta.ru мен "Интерфакс"-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Спиртті ішімдікті қолдан жасап сатушыларды анықтау ісіне пошташыларды пайдалану туралы бастама милиция қызметкерлеріне тиесілі. Ішкі істер министрлігінің мамандары азаматтарға заңсыз саудагер жайлы ақпаратты кез келген қағазға жазып, поштамен жөнелтуді ұсынған. Мұндай хаттарды жеткізу үшін ақы алынбайды. Тіпті, ондай хат-хабарламаларға маркалар мен конвертті қолдану да міндетті емес.

Милиция өкілдерінің айтуынша, белорустар осы кезге дейін де самогон сатушылар жайлы ақпаратты анонимді түрде беріп жүр. Осындай хабарламалардың көмегімен өткен жылы бір ғана Минск облысында спиртті ішімдіктердің астыртын өндірісімен айналысқан 2 мың адамның ісі әшкереленді.

Айта кетейік, Беларусьтің тәртіп сақшылары самогоншылармен күресте неше түрлі амал қолданып келеді. Былтыр күзде орманға жасырынып ішімдік өндіретіндерді анықтау үшін милиция қызметкерлері "Бусел - М" пилотсыз ұшатын аппаратын пайдаланған еді. Ұшатын бақылағыштың арқасында Минскінің батысындағы ормандардан бес заңсыз жабдық табылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай