Санкт-Петербург метросында қаза тапқан адамдардың соңғы суреттері жарияланды

видеодан үзінді

Б?гінде Санкт-Петербург метросында бол?ан жарылыстан ?аза бол?андарды? саны 14-ке жетті, 11 адам о?и?а орнында ?аза тапты, ал ?шеуі ауруханада жатып ?айтыс болды. ?азіргі уа?ытта 49 адам ауруханада жатыр. Тергеу комитеті ?аза бол?ан он адамны? тізімін берді. ?ай?ылы о?и?аны? ??рбаны бол?андар жа?сы, жас ?рі талантты адамдар бол?ан. Б?л туралы оларды? ?леуметтік желіге ж?ктеген суреттері, жазбалары достары мен туыстары айтып отыр. L!FE.ru порталы терактіден ?аза бол?ан он адамны? со??ы суреттерін жариялады. Видеоны мына жерден к?ре аласыз. 

Бүгінде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан қаза болғандардың саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада жатып қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр. Тергеу комитеті қаза болған он адамның тізімін берді. Қайғылы оқиғаның құрбаны болғандар жақсы, жас әрі талантты адамдар болған. Бұл туралы олардың әлеуметтік желіге жүктеген суреттері, жазбалары достары мен туыстары айтып отыр. L!FE.ru порталы терактіден қаза болған он адамның соңғы суреттерін жариялады. Видеоны мына жерден көре аласыз. 

Санкт-Петербургтегі терактіден отандасымыз 21 жастағы Максим Арышев қаза тапты. Осыған дейін қазақстандықтың достары Максим Арышев туралы айтып берген еді. Максимның достары Санкт-Петербург метросында ескерткіш тақта орнатып береді. Бұл туралы қаза тапқан студенттің досы Рома Зеделашвили әлеуметтік желілерде жазды.  

Сонымен қатар, терактінің салдарынан зардап шеккендер мен жалпы Санкт-Петербург тұрғындарын қолдау мақсатын Ресейдің танымал жұлдыздары "#ПИТЕРнадоЖИТЬ" сөзін айтып, видео түсірген.

Реклама
Реклама

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала нұсқасы бойынша, Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін растап берді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама