04 сәуір 2017 14:51

Санкт-Петербургтегі терактіден қаза тапқандар саны 14-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/ Anton Vaganov © REUTERS/ Anton Vaganov

Санкт-Петербург метросында болған терактінің салдарынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцоваға сілтеме жасап. 


Санкт-Петербург метросында болған терактінің салдарынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцоваға сілтеме жасап. 

"Бүгінде қаза болғандар саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада жатып қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр", - деді Скворцова. 

Айта кетейік, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 50-ге жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала нұсқасы бойынща Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін растап берді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети