03 сәуір 2017 20:42

Санкт-Петербургтегі жарылысты Ресей билігі теракт деп таныды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AFP 2017/ INTERPRESS/Alexander Tarasenkov © AFP 2017/ INTERPRESS/Alexander Tarasenkov

 Петербург метросындағы жарылыс ресми түрде террорлық акт болып жарияланды. "Россия 24" телеарнасының эфирінде Бас прокуратураның өкілі Александр Куренной мәлімдеді, - деп хабарлайды Rambler News Service.


 Петербург метросындағы жарылыс ресми түрде террорлық акт болып жарияланды. "Россия 24" телеарнасының эфирінде Бас прокуратураның өкілі Александр Куренной мәлімдеді, - деп хабарлайды Rambler News Service.

Жүргізушінің метрополитеннің қауіпсіздік шаралары бүгін істемей қалғанына байланысты тексеру жұмыстары жүргізіледі ме деген сұраққа, Бас прокуратураның өкілі онымен тергеу органдарының қызметкерлері айналысатынын жеткізді. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, 20-сы зардап шекті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында Санкт-Петербург метросында болған жарылыс туралы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети