Санкт-Петербургтегі терактіден зардап шеккендер саны 81-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санкт-Петербургтегі терактіден зардап шеккендер саны 81-ге жетті © РИА Новости/Сергей Красноухов

Санкт-Петербургтегі метродағы жарылыстан зардап шеккендер саны 81-ге жетті, - деп хабарлайды L!FE. Үш адам аса ауыр халде, ал үшеуі ауыр халде жатыр. Қалғандарының жағдайы тұрақты деп бағаланады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санкт-Петербургтегі метродағы жарылыстан зардап шеккендер саны 81-ге жетті, - деп хабарлайды L!FE. Үш адам аса ауыр халде, ал үшеуі ауыр халде жатыр. Қалғандарының жағдайы тұрақты деп бағаланады.

Осыған дейін, Санкт-Петербург метросында болған терактінің салдарынан қаза тапқандар саны 14-ке жеткені хабарланды.

"Бүгінде қаза болғандар саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада жатып қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр", - деді Скворцова. 

Айта кетейік, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 50-ге жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала нұсқасы бойынща Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін растап берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети