30 қазан 2019 10:25

Сарбаз сегіз қызметтесін атып тастаған. Оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 72.ru © 72.ru

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Байкал өлкесінде сарбаздың әскери бөлімде сегіз адамды атып өлтіруіне қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, әскери бөлімде зорлық-зомбылық болмаған, - деп хабарлайды Газета.ru.


Ресейдің Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Байкал өлкесінде сарбаздың әскери бөлімде сегіз адамды атып өлтіруіне қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, әскери бөлімде зорлық-зомбылық болмаған, - деп хабарлайды Газета.ru.

Комиссия өкілдері 20 жастағы сарбаздың мұндай ауыр қылмысқа баруына офицермен өзара дауласуы себеп болуы мүмкін екенін айтады.

"Сарбаз қызмет еткен әскери бөлім әскери прокуратура мен командирлер отыратын бөлімшеден алыс орналасқан. Командирлер әскери бөлімге анда-санда ғана баратын. Қандай да бір ережебұзушылық жасаған командирлер жауапкершілікке тартылады, қызметінен босатылады", - дейді ведомстводағылар.

25 қазанда БАҚ-тар дереккөздерге сілтеме жасай отырып, қызметтестерін өлтірді деген күдіктінің өзі онда қорлық көргенін жазған болатын. "72.ru" басылымы бұрынғы сарбаздың монологын жариялаған еді. Оның айтуынша, өлтірілгендердің бірі - офицер Данил Пьянков әскери бөлімде сарбаздарды қорлап келген.

Еске салайық, мұның алдында Ресейде сарбаздың сегіз қызметтесін атып тастағаны жайлы хабарланған болатын. Қорғаныс министрлігі атысты Читин облысындағы жөндеу-техникалық базаның әскери қызметшісі екенін мәлімдеген еді. Ол өзінің қызметтестерін табель қаруынан атқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети