08 қараша 2018 09:38

Сауд Арабиясында тағы бір журналист өлі табылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркі бин Абдул Әзиз әл-Жассер
 © twitter.com/Prisoners of Conscie Түркі бин Абдул Әзиз әл-Жассер © twitter.com/Prisoners of Conscie

Сауд Арабиясында белгісіз біреулер журналист, жазушы Түркі бин Абдул Әзиз әл-Жассерді түрмеде аяусыз өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Middle East Monitor басылымына сілтеме жасап.


Сауд Арабиясында белгісіз біреулер журналист, жазушы Түркі бин Абдул Әзиз әл-Жассерді түрмеде аяусыз өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Middle East Monitor басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 2017 жылдың наурызында Жассер Twitter желісінде Kashkool атты аккаунт ашып, онда лауазымды тұлғалар мен корольдердің адам құқықтарын бұзған жағдайлары туралы жазып жүргені үшін қамауға алынған.

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, журналистің осы әрекетін Twitter желісінің Дубайдағы кеңсесінде әшкерелеген.  

Еске сала кетейік, қазан айының басында Ыстамбұлда Сауд Арабиясының журналисі Жамал Хашукджидің де өлі табылғаны жайлы хабарланған болатын. Жамал Хашукджиді Сауд Арабиясының бас консулдығында қылғындырып өлтіргеннен кейін денесін бөлшектеп, жойған. Бұл туралы Ыстамбұл прокуратурасы мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети